ШҚО-да рейстік автобус жол үстінде отқа оранды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шемонаиха-Өскемен тас жолының 10 шақырымында бағыт бойынша бет алған «Өскемен-Томск» рейстік автобусы отқа оранды, деп хабарлады ШҚО ТЖД.
None
None

«Неоплан» маркалы автобуста қозғалтқыш бөлігінің бөлшектері, салон, 36 шаршы метр алаңда дөңгелек жанып кетті.

Өрт бірнеше минутта оқшауланып, 40 минуттан кейін ауыздықталды. Өртті сөндіруге ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ күштері (3 адам, 1 бірлік техника) қатысты.

Жолаушылар (10 адам) жол-жөнекей көліктермен Шемонаиха қаласына жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар
Референдум