ШҚО-да сайлауды бақылау бойынша аймақтық орталық құрылды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - ШҚО-да сайлауды бақылау бойынша аймақтық орталық құрылды . Оның таныстырылымы аймақтың ақпарат орталығында өтті. Аймақтық орталықты Людмила Гейцман басқарады.
None
None

Орталық құрамында ғылыми қызметкерлер, қоғам қызметкерлері, ҮЕҰ өкілдері бар. Қоғамдық бақылау жүйесі сайлау өтетін барлық кезеңде жүргізіледі. Орталық өкілдері аймақтың барлық сайлау учаскелерінде жұмыс істейді. Жұмысының мақсаты - кандидаттарға тең жағдайлар жасалуын қамтамасыз ету, сайлау үдерісіндегі ереже бұзушылықтардың орын алуына жол бермеу. Комиссия мүшелері халықаралық байқаушылар миссияларымен, сайлау комитеттерімен, кандидаттардың сайлауалды штабтарымен, БАҚ және азаматтық сектор өкілдерімен белсенді жұмыс істейді, деді орталық басшысы.

Л.Гейцман алдағы сайлау еліміздің барлық азаматтарын белсенді етіп, халқымыздың жоғары саяси мәдениетінің және демократиялық дәстүрлердің дамуының кепілі болатынына сенеді.

Соңғы жаңалықтар