ШҚО-да Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институының филиалы ашылды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - С. Аманжолов атындағы ШҚМУ базасында Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институының филиалы ашылды. Филиалдың ашылуына ШҚО, Новосібір, Барнауылдан келген ғалымдар қатысты. Филиалдың ашылуы халықаралық конференция шеңберінде өтті, конференция Астанада ЕАЭО туралы шартқа қол қойылып, Қазақстан, Ресей, Беларусь елдерінің интеграциясы басты тақырып болып жатқан күндері өтті.
None
None

Іс-шара ғылым мен білім саласындағы Қазақстан мен Ресей өңірлерінің ықпалдасуына үлгі болды, деп жазылған облыстық ақпараттық орталық хабарламасында.

Филиалдың ғылыми қызметінің басым бағыты Шығыс Қазақстанның тарихы зерттеудің бас нысаны болатын ұлттық тарихтың өңірлік компоненті болады. Осы мақсатта Институт мынадай ғылыми-зерттеу желілерін айқындады - «Шығыс Қазақстан: өткені, бүгін, келешегі», «Егемендік жағдайында Шығыс Қазақстан халқын дамыту ерекшеліктері (этно-әлеуметтік аспекті)», «Жаһандық әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени өзгерістер жүйесінде Шығыс Қазақстан және онымен шектес өңірлер», «Шығыс өңірінің этномәдени мұрасы», сондай-ақ «Шығыс Қазақстан тарихының тарихнамасы мен деректануы».

Халықаралық ғылыми-практикалық конференция екі аса маңызды тарихи оқиғалар кезеңінде өтті, олар - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні және Қазақстан, Ресей мен Беларусь арасында ЕАЭО туралы шартқа қол қою.

Конференцияның мақсаты кеңестік биліктің жазалау саясатын бағалаумен, тоталитарлық режім қылмыстары туралы объективті шындықтың бірыңғай тарихи тұжырымдамасын өңдеумен бірыңғай тарихи посткеңестік кеңістік қалыптастыру арқылы қазақстандық патриотизмге, азаматтыққа, қазақстандық қоғамның нығаюына ықпал ету болды.

Соңғы жаңалықтар