19:33, 15 Мамыр 2009 | GMT +5
ШҚО-да шалғайдағы бес балалар үйіне күртешелер мен сүлгілер жіберді ? Халықаралық отбасы күніне қайрымдылық акциясы
ӨСКЕМЕН. Мамырдың 15-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясы 1993 жылы құрған Халықаралық отбасы күні аталып өтуде.

Өскеменде балалар үйлерінің тәрбиеленушілері үшін өткізілген қайырымдылық акциясына балалар құқығын қорғау жөніндегі департамент, жасөспірімдер мен балалар ұйымы қауымдастығы және «Мери Кей» компаниясы қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Балаларға қамқоршылық ету жөніндегі бөлім маманы Татьяна Черненконың айтуынша, облыстың шалғайдағы бес балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін «Мери Кей» компаниясы 150 күртеше мен 150 сүлгі берген. Бұлар - Шүлбі кентіндегі балалар үйі, Риддердегі мектеп-интернат және Көкпекті, Үржар және Бородулиха аудандарындағы үш балалар үйі.Сыйлықтарды тапсыру кезінде балалар құқығын қорғау жөніндегі департамент директоры Аркадий Исаев бұл «Мери Кей» компаниясымен бірлесіп өткізіліп жатқан алғашқы қайырымдылық акциясы емес екендігін атап өтті.Еліміздің шығыс аймағында бүгінгі күні 4 545 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бар. Олардың барлығына бірдей ата-аналы болу бақыты бұйырмаған - өткен жылы 260 баланы асырап алушылар табылса, 107 жетімек шетел асып кеткен. Сондықтан да, олар өздеріне көрсетілген жылы сезімді әрқашан да аса ризашылықпен қабыл алады.