ШҚО-да сілеусін атқан екі ер адам ұсталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері сілеусін атқан екі ер адамды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Ұлан ауданы Каменка ауылында заңсыз аң аулау фактісі тіркелді.

«Екі ер адам арнайы рұқсат құжаттарынсыз сілеусінді атып алған. Полиция қызметкерлері оларды ұстады. Тәртіп бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 382-бабы 1-бөлігіне (Қылмыстық жазаланатын әрекет белгілерін қамтымайтын жануарлар дүниесін пайдалану және аң аулау ережелерін бұзу) сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданында сібір елігін атқан ер адамның мемлекетке 2 000 000 теңгеден астам материалдық залал келтіргені хабарланған болатын.


Соңғы жаңалықтар