ШҚО-да су айдындарын мониторингілеу күшейді
ӨСКЕМЕН. KAZINFORM — Шомылу маусымы қызған тұста Шығыс Қазақстанның көптеген су айдындарында патрульдеу күшейтілді. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлім етті.
Сонымен қатар, ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының құтқарушылары мен дәрігерлері демалушыларға жағажайларда суда жүріс-тұрыс ережелерін үйрету бойынша шеберлік сабақтарын өткізеді.
Патрульдеуге ұшқышсыз ұшу аппараттары жұмылдырылған. Жағалау аймақтары мен жағажайларды аралау үшін құтқарушылардан басқа ҚР ТЖМ екінші құтқару батальонының әскери қызметшілері мен еріктілер жұмылдырылды.
ҚР ТЖМ мамандары әрбір демалушы қаперінде ұстауы тиіс жағдайларды ескертті:
Жүзу үшін тек жабдықталған жағажайларды таңдау керек;
Жүзу шекараларын белгілейтін қалтқылардың артында жүзбеу керек;
Балаларды судың жанында жалғыз қалдыруға болмайды.
Төтенше жағдай бола қалса 112 нөміріне хабарласу керек.
Еске сала кетейік, Атырау өңірінде жыл басынан бері 8 адам суға батып кеткен.
Ал Батыс Қазақстанда суға батып кеткендер саны 20-ға жетті.