ШҚО-да су тасқыны қаупі бар аудандарға тікұшақпен барлау жүргізілді

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM — Шығыс Қазақстан облысында су тасқыны қаупі бар аудандарға әуеден барлау жасалды.

ШҚО-да су тасқыны қаупі бар аудандарға тікұшақпен барлау жүргізілді
Фото: ШҚО ТЖД

Өңірдегі қар көшкіні қаупі жоғары учаскелерді және гидрологиялық жағдайды зерттеу мақсатында әуеден аэровизуалды мониторинг жасауға ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы тартылды. 

— Тікұшақта облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің, «Қазселденқорғау» ШҚ филиалының, Су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі Ертіс бассейндік су инспекциясының, «Қазгидромет» РМК-ның мамандары болды. Барлау «Өскемен-Алтай ауданы-Үлкен Нарын ауданы-Катонқарағай ауданы-Өскемен» бағыты арқылы жүргізілді, — деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.

ШҚО-да су тасқыны қаупі бар аудандарға тікұшақпен барлау жүргізілді
Фото: ШҚО ТЖД

Зерттелген аумақты толығымен қар жауып тұр. Қар жамылғысының құрылымы тұрақты, жоталар мен беткейлерде қарды шамалы жел үрлеп тұрғаны байқалады. 
Таулы жерлерде қар көшкіні жүрген жоқ. Бұқтырма өзенін мұз жапқан. Аздап шеті ерігені және ортасында ойықтар байқалады.

Жалпы облыстағы гидрологиялық жағдай тұрақты.

Еске салсақ, осыған дейін Шығыс Қазақстанда қар көшкіні түсірілгені хабарланған.

Соңғы жаңалықтар
Референдум