ШҚО-да сыртқы сауда айналымы төмендеді

None
None
ӨСКЕМЕН. Мамырдың 18-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Шығыс Қазақстан облысының сыртқы сауда айналымы 31 пайызға дейін төмендеп кетті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның ішінде жыл басынан бергі өткен төрт ай ішінде өнімді сыртқа шығару ? 41,1 пайызға, ал сырттан тасымалдау ? 18,8 пайызға қысқарған. Облыстық статистикалық басқарманың мәліметіне қарағанда, металға әлемдік бағаның екі есеге дейін түсіп кетуі себебінен сауда балансын тұрақтандырудың шамалы сальдо көлемі алынды. Өнімді сыртқа шығарудың үлесі химия индустриясы, құрылыс материалдары, ағаш және целлюлоза-қағаз және минералдық өнімдер саласында тіпті төмендеп, 3,7-ден 1,8 есеге дейін азайып кеткен.
Соңғы жаңалықтар
telegram