ШҚО-да танысының көлігін айдап әкеткен бойжеткен жол апатына түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен жексенбіде Өскеменде мас бойжеткен жолдасының «Тойота Хайландер» көлігін айдап әкетті.
None
None

Алайда бірінші бұрылыста ол көлікті басқара алмай, апатқа ұшырады. Соның салдарынан көлік жолдан шығып кетіп, қарда тұрып қалды, деп хабарлайды YK-avto.kz.

ШҚО ІІД-нің баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 3 қаңтар күні түнгі сағат 3-те орын алған.

«Полицейлерді көлік иесі шақырған. Көлікті айдап әкеткен бойжеткен қылмыстық жауапкершілікке тартылды», - деп түсіндірді ведомствоның баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар