ШҚО-да телефонының соңынан сүңгіген адам суға кетті

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - ШҚО Бесқарағай ауданы Долонь ауылында телефонының соңынан сүңгіген жағалау жұмысшысы суға батып кетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

Оқиға орнына Семей қаласы ШӨАЖҚЖ-ы 7-інші бөлімшесінің үш құтқарушысы келіп жетті.  Алайда, кеш түсіп қараңғы болып кетуіне байланысты сүңгуірлер іздестіруді келесі күні жалғастырды.

Қалалық ТЖ басқармасының мәлімдеуінше, 1964 жылғы азамат телефонын өзенге түсіріп алып, соңынан суға сүңгіген. Оны параход астына су тартып әкетуі мүмкін. 

Соңғы жаңалықтар