09:27, 22 Қараша 2011 | GMT +5
ШҚО-да теміржолда болған төтенше жағдайдың салдарынан «Павлодар-Алматы» пойызы 7 сағатқа кешікті
ТАНА. 22 қараша. ҚазАқпарат - 21 қараша күні сағат 19.55-те ШҚО Жарма ауданы аумағында «Аягөз-Жарма» теміржолы аралығында № 3454 («Эволюшн» тепловозы) жүк пойызының 5 жүк вагоны, оның ішінде - мақта тиелген 1 вагон, 4 бос вагон жолдан шығып кеткен, оның ішінде 2 вагон аударылған.

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.
54 вагоннан тұратын пойыз Алматыдан Семейге аттанған, нәтижесінде теміржолдың 150 м рельсі зақымданған, соның салдарынан №31 «Павлодар-Алматы» жолаушыар пойызы 7 сағат 19 минутқа кешіккен.
Түнгі сағат 02.30-да пойыздардың қозғалысы қайта жандандырылған.
Төтенше жағдайды жоюға Аягөз және Семей бекетінің 2 жөндеушілер пойызы жұмылдырылды.