ШҚО-да теміржолшылар қар көшкіні жүруі мүмкін тұстарды тазалауда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан теміржолшылары қар көшкіні жүруі мүмкін тұстарды тазалауда, деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның баспасөз қызметі.
None
None

«Шығыс Қазақстан облысында теміржолға жақын тау жақпарларынан үш мың текше метр қар жалдары құлатылды. Бүгінгі таңда жолшылардың қар көшкінін бақылау бригадасы Защита-Зыряновск теміржол телімінің қопарғыш құралдарымен жарушылар мен қар тазалау техникаларынан жасақталып, тиісті орындарға бақылау орнатты», делінген хабарламада. 

Серебрянск жол дистанциясы еңбеккерлері қатарында жөндеуші-алпинистер, «Шығыс қопарғыш кәсіпорны» ЖШС жұмысшылары бірлесіп, пойыздардың өту қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жолды тазартып,  ондаған қар көшкіндерінің алдын алды. 

«Жол дистанциясының еңбеккерлері қопарғыш жарылыстарын орындаушылармен бірлесе отырып, соңғы екі күнде Ермаковка- Огневка қума жолының 59-шақырымында және 41- шақырымында, Жаңа Өскемен -Ермаковка қума жолының 30- шақырымында қопарылыс жасады»,-дейді Серебрянск жол дистанциясы директорының жасанды имараттар жөніндегі орынбасары Бауыржан Ахметов.

Қар көшкіндерінің алдын алу шаралары қараша айында басталды. Ол кезде тау беткейлерінен 600 текше метр қар темір жолдан төменге ысырылды. 

Осылайша, ондаған қар көшкіндері болдырылмады. Темір жолға жақын тау беткейлеріндегі қауіпті қар жалдарының қалыңдығы кей жерлерде 90 сантиметр болса, кей тұстарда екі метрге дейін жеткен.

Алдын алу шаралары кезінде арнайы қара тазалау техникалары да жиі қолданылады.

Барлық тау беткейлеріндегі жақпарлы етектерінде темір жол өтетін тұстарда тәулік бойы бақылау орнатылған.

Қазіргі таңда тау бөктеріндегі телімнен жүк және жолаушылар пойыздары кесте бойынша өткізілуде.

Соңғы жаңалықтар