17:40, 02 Сәуір 2012 | GMT +5
ШҚО-да тілдерді дамыту басқармасының жаңа басшысы тағайындалды
ӨСКЕМЕН. 2 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін өңір басшысы Бердібек Сапарбаев аппараттың отырысында тілдерді дамыту басқарманың жаңа басшысын таныстырды. Бұл лауазымға Айдын Жомартұлы Шаймарданов тағайындалды.

А. Шаймарданов мәдениет және тілдерді дамыту саласында тәжірибелі маман. ШҚО мәдениет басқармасы өнер және мәдениет бөлімінің бас маманы, бастығы болып қызмет атқарған. Кейін ол Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының тілдерді дамыту және мәдениет бөлімінің басшысы болып қызмет атқарды.
Осы лауазымға тағайындалмас бұрын Өскемен қаласының тілдерді дамыту және мәдениет бөлімінің бастығы болып қызмет еткен.