ШҚО-да тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу зауыты салынады

АСТАНА. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысында Жасыл экономикаға көшу тұжырымдамасы шеңберінде бірқатар іс-шаралар іске асырылып жатыр. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

тұрмыстық қалдықтар
Фото: Алматы әкімдігі

Негізгі бағыттар Өскемен қаласының ауасын жақсартуға қатысты, өйткені қалада бірқатар зауыттар орналасқан.

– Бізде қала бойынша Қазгидрометтің 10 бекеті орнатылған, мұның бәрі автоматты форматта бақыланады. Тұрғындардың бұл ақпаратты интернет арқылы көруге мүмкіндігі бар. Келесі жылы ауаны абызлап, өлшеп отыру үшін қосымша датчиктер орнату жоспарланып отыр. Сондай-ақ тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу зауытын салу жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда экология министрлігіне 7 жоба жолданды. Жобалардың бірі экология министрлігі арқылы, оның ішінде өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы келісудің бастапқы кезеңінен өтті. Зауытты жаңа технологиялар бойынша салу жоспарланған. ЖЭК-ке көшу аясында облыста 8 энергия өндіруші ұйым жұмыс істейді, — деп атап өтті ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Еламан Мұхтарханов.

Олжас Бектенов «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес отырысын өткізгенін жазған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар