ШҚО-да түйнеме бойынша жағдай тұрақты - Ғ. Сүлейменов

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстанда эпидемиологиялық және эпизоотикалық жағдай тұрақты.
None
None

ШҚО-да Жарма ауданында түйнеме жұқтырған бірлі-жарым жағдай тіркелді.  Науқастар мен мәжбүрлі сойылған мал тіркелген жоқ. Ауруханада жатқандар жазыла бастады, деп хабарлады өңірдің ақпараттық орталығында өткен брифингте ШҚО ТҚҚД басшысы Ғазез Сүлейменов.

Оларға қажетті материалдық көмек көрсетілді. Апта соңында  ауруханадан шығады. Байланыста болған 29  адам бақылауда. Аурудың таралмауы үшін қажетті алдын алу шаралары жүргізілді.  Бастысы - үй малына екпе жасау. Белгіленбеген орындардан ет, ет өнімдерін сатып алуға тыйым салынды.

Ғ. Сүлейменовтың айтуынша, «Айғай кезек» учаскесінде карантин жариялау шешімі қабылданды. Режім 14 күнге белгіленді.

«WhatsApp мессенджері бойынша таратылған ақпарат  жалған, -  деді ол, - жағдай толық бақылауда. Базарға тексерілген еттер ғана шығарылады. Сондықтан алаңдауға себеп жоқ», - деп атап өтті Ғазез Сүлейменов.

Соңғы жаңалықтар