ШҚО-да Ұлттық гвардия полковнигі мезгілсіз көз жұмды

«Айдар Темірболатұлы күрделі де лайықты өмір жолынан өтті. Ол 26 жылын әскери қызметке арнады, қызметтік-жауынгерлік жұмысындағы жоғары көрсеткіші және қызметке адалдығы үшін ол ҚР ҰГ және КСРО-ның 20 медалімен марпатталды», -деп хабарлады ҚР ҰГ «Шығыс» ӨҚ баспасөз қызметі.
Полковник Айдар Дәрібаев 1983 - 1987 жылдары Новосібір МЖӘУ, ҚР ІІМ курсанты болды. Өзінің офицерлік жолын ҚР ІІМ №7409 әскери бөлімі взводының командирі болып бастады. «Батыс», «Оңтүстік», «Орталық» өңірлік қолбасшылықтарында көптеген лауазымдарда қызмет етті, сондай-ақ Шығыс ӨҚ №5511 әскери бөлімінің командирі болды
2007-2009 жылдары ҚР ішкі әскерінің 6638-әскери бөлімі командирінің орынбасары - штаб бастығы болды. Ол қызметінде адал, мақсатшыл, парасаттылығымен көзге түсті.