ШҚО-да жаңа туған егіздер ауылдан Өскеменге тікұшақпен шұғыл жеткізілді

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM — Шығыс Қазақстан облысында жаңа туған егіздер ауруханаға ТЖМ тікұшағымен тасымалданды.

егіз
Фото: pyxabay.com

Зайсан ауданындағы ауылдан санитарлық авиацияға шақырту түсті. Жаңа туған егіздерді облыс орталығындағы медициналық мекемеге шұғыл түрде әуе арқылы жеткізу қажеттілігі туындады.

— «Қазавиақұтқару» мекемесінің жоғары білікті экипажы Руслан Ағламбеков, Азамат Кабден және Айдар Мамырханов, санитарлық авиация дәрігерлері Жұлдыз Абулова мен Татьяна Сергеевамен бірге тікұшақ әуеге көтерілді. Осылайша, ана мен сәбилер аман-есен Өскемен қаласына жеткізілді, — деп хабарлады ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінен. 

Қазір олар дәрігерлердің бақылауында. 

Еске салсақ, осыған дейін ШҚО-да қар көшкіні қаупі жоғары учаскелерге тікұшақпен барлау жасалғаны хабарланған. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум