15:41, 07 Шілде 2016 | GMT +5
ШҚО-да жасөспірім мен жас жігіт белгісіз жағдайда суға батып кетті
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Ертіс бойындағы Ұлан ауданы Донское ауылында құтқарушылар шомылып жүріп, Үлбі өзеніне батып кеткен 14 жасар жасөспірімнің денесін шығарды. Баланы өзен ағысы алып кеткен.
Сол күні Зайсан ауданының Сарытерек ауылында жергілікті халық (40 адам) және төрт құтқарушы 5 шілде күні жұмбақ жағдайда суға кеткен 18 жастағы жігіттің денесін тапты, деп хабарлайды ТЖ департаменті.