ШҚО-да жастар саясаты бойынша құрылған басқарманы Жасұлан Сәрсебаев басқарды

ӨСКЕМЕН. 3 қазан. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында жастар саясаты бойынша басқарма ашылды.
None
None

Бүгін облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жаңа басқарма бастығының міндеттерін атқарушы қызметіне Жасұлан Сәрсебаевты тағайындады.

Облыстың ақпараттық орталығынан хабарлағандай, бұл тағайындауға дейін Ж.Сәрсебаев облыстық мәдениет басқармасы бастығының орынбасары болып жұмыс істеді, сондай-ақ ШҚО ішкі саясат басқармасында саяси партиялар және діни ұйымдар бөлімінің бастығы қызметін атқарды.

Соңғы жаңалықтар