ШҚО-да жер қойнауын пайдаланушылардан ақша бопсалаған екі азамат ұсталды

АСТАНА. KAZINFORM – Қаржылық мониторинг агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті жер қойнауын пайдаланушылардан ақша алу схемасын ұйымдастырған екі азаматқа қатысты алаяқтық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады.

АФМ рассматривает заявление в отношении сына Нурлана Нигматулина
Фото: ҚМА

Ведомствоның мәліметінше, 2025 жылғы қыркүйек айында Самар ауданына қарасты «Кеңқарын» учаскесінде «Құлынжон» өзенінің арнасын өз бетінше өзгерту арқылы бағалы металдарды заңсыз өндірумен айналысқан адамдар тобының әрекеті әшкереленіп, тоқтатылған.

Аталған заңсыз әрекеттердің салдарынан келтірілген экологиялық залал көлемі 54 млн теңгеден асқан.

- Тергеу барысында қылмыскерлер осы жағдайды пайдаланып, күдіктілердің біріне қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын неғұрлым жеңіл түріне өзгертуге көмектесеміз деген желеумен 10 мың АҚШ долларын талап еткені анықталған.

Қабылданған жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде аталған тұлғалар ақшаны алу сәтінде қолға түскен, - деп жазды ҚМА.

Сот үкімімен олар 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, ШҚО-да кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін 2 лауазымды тұлға жауапқа тартылды.

Соңғы жаңалықтар