ШҚО-да жыл басынан бері 14 жасөспірім жасанды түсік жасатқан

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысында жасөспірімдер арасында жүкті болғандар саны артқан.

ЭКО, беременность, жүктілік
Фото: Midjourney

Шығыс Қазақстан облысында жасөспірімдер арасында жасанды түсік жасатқандар саны азайған. Мамандардың айтуынша, биыл 14 жасанды түсік жасалды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда айтарлықтай аз.

Осы ретте, жасөспірімдер арасындағы туу көрсеткіші өткен жылғы деңгейде қалып отыр.

- Алайда жасөспірімдер арасында жүкті болу санының артқаны байқалады. Бүгінде 14 мыңнан астам қыз бала тіркеуде тұр, - дейді ШҚО бас акушер-гинекологы Марат Көксегенов.

Айта кетейік, өңір бойынша жүкті болған жасөспірімдер саны жағынан Риддер, Алтай және Шемонаиха қалалары алдыңғы қатарда.

Еске салсақ, осыған дейін СҚО-да былтыр 46 жасөспірім қыз босанса, 14-і жасанды түсік жасатқаны хабарланған. 

Соңғы жаңалықтар