ШҚО-да жыл басталғалы 50-ден астам нәресте дүниеге келді

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM — Шығыс Қазақстан облысында 2026 жылдың алғашқы 4 күнінде 50-ден астам нәресте дүниеге келді. 

ШҚО-да жыл басталғалы 50-ден астам нәресте дүниеге келді
Фото: pixabay

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 2026 жылдың басынан өңірде 27 ұл бала және 27 қыз бала жарық дүние есігін ашқан. 

— Дәрігерлер жаңа жыл кезінде де, одан кейінгі мереке күндерінде де әдеттегідей үздіксіз жұмыс істеді. 1 қаңтар сағат 00:00–ден 2 қаңтарға дейінгі аралықта 12 баланың кіндігі кесілген. Оның ішіндегі 8-і ұл және 4-і қыз. Ал 2 қаңтардан 4 қаңтарға дейін 19 ұл және 23 қыз бала туып, жалпы 42 нәресте дүниеге келді, — делінген ақпаратта.

Сондай-ақ 1-4 қаңтар аралығында жедел жәрдемге 300-ден астам адам жүгінген. 

270 адам көшеде, 69 адам үйде түрлі жарақат алды. Екі азамат жол-көлік оқиғасынан, ал алты адам петардадан жараланған.

Еске салсақ, осыған дейін ШҚО-да жүкті әйел тікұшақпен ауруханаға жеткізілгені хабарланған

Соңғы жаңалықтар