00:40, 12 Қараша 2016 | GMT +5
ШҚО-да жоғалып кеткен мектеп оқушысының мәйіті табылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының Зыряновск ауданында жоғалып кеткен 8 жасар мектеп оқушысы Виктория Тойкенованың мәйіті табылды. Бұл туралы YK-news.kz сайты Зырянов аудандық ішкі істер бөлімінің штаб бастығы Әсел Сүлейменоваға сілтеме жасап хабарлады.

Тәртіп сақшылары әзірге бұл оқиғаның жәй-жапсарын ашық айта алмайды.
Алдын ала және әзірге нақтыланбаған мәліметтер бойынша, баланың күйген денесі қаланың оңтүстік бөлігіндегі қараусыз қалған үйден табылған.
Сонымен қатар тағы да сол нақтыланбаған мәліметтер бойынша, полиция қызметкерлері күдікті азаматты да қолға түсірген. Ол мерт болған қыздың өгей әкесінің қолында жұмыс істеген.
Айта кетейік, екінші сынып оқушысы Виктория Тойкенова кеше 10 қараша күні жоқ болып кеткен еді. Еріктілер тарапынан іздеу тобын ұйымдастырушы Натальяның айтуынша, мерт болған қыздың анасы ол мектептен қайтпай қалған соң бірден дабыл қаққан. Соңғы рет оқушыны Рудный қаласында сағат 12-30-дар шамасында автобус аялдамасынан көрген.