ШҚО-да жол белгілерін жауып тұрған жарнама билбордтары алынды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жол белгілерін жауып тұрған жарнама билбордтары алынып тасталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол белгілерін жауып тұрған жарнама билбордтары мен баннерлерді алу үшін әкімшілік полиция басқармасының сақшылары мен жергілікті атқарушы орган өкілдері бірлескен шара өткізді.

«Облыс көшелерінде орнатылған кейбір жарнама билбордтары жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарын бұзады. Олар жүргізушілерге кедергі келтіріп, жол-көлік оқиғаларына себепші болуы мүмкін. Шара барысында Семей қаласындағы 5 билборд алынып тасталды», - делінген хабарламада.

Айта кету керек, соңғы екі жылда Өскемен және Семей қалаларының көшелерінде заң талаптарына сәйкес келмейтін 150-тен астам жарнама билборды алынған.


Соңғы жаңалықтар