ШҚО-да жол жиегінде дөңгелек ауыстырып отырған жүргізушіні көлік қағып кетті

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Облыс орталығы Өскеменде өткен түнде Титов көшесінде жол-көлік оқиғасы орын алды. Жол жиегінде апат жарығы жанып тоқтап тұрған «Ауди» көлігін «Тойота Камри» автомобилі қағып кетті.

ШҚО-да жол жиегінде дөңгелек ауыстырып отырған жүргізушіні көлік қағып кетті

Көліктің дөңгелегін ауыстырып жатқан «Ауди» көлігінің 62 жастағы жүргізушісі жарақат салдарынан оқиға орнында көз жұмды.

«Тойота» жүргізушісі оқиғадан кейін, көлігін қалдырып, өзі қашып кеткен.

Жергілікті полицияның іздестіру бөлімінің қызметкерлері мас күйінде апатқа себепші болған ер адамды ұстады. Ол 23 жастағы Семей қаласының тұрғыны болып шықты, қазір ол УҰИ-ға қамалды. Көлігі де арнайы тұраққа қойылды.

ҚР ҚК-ның 345 және 347-баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады ШҚО ІІД-і.