ШҚО-да жолда қалған 1000-ға жуық адам құтқарылды

ШҚО-ның барлық жол құрылымдары тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істейді. Қазір ауа райының қолайсыздығына байланысты 35 автомобиль жолы жабылды. Алайда адамдар оған қарамастан жолға шығып жатыр.
ШҚО-ның Бородулиха, Көкпекті, Ұлан, Жарма, Күршім аудандарында төтенше жағдай жарияланды. Мұндай ауа райында жолға шығу қауіпті.
Қазір облыс бойынша республикалық маңыздағы жолдарда 157 бірлік техника, облыстық маңыздағы жолдарда 92, қалалық және аудандық маңыздағы жолдарда 607 бірлік техника жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ 6 тікұшақ бар, алайда олар ұша алмайды.
Белгілі бір аудандарда төтенше жағдай жарияланатын болса, азық-түлік, дәрі-дәрмек, жанар-жағармаймен қамту бойынша қызмет іске кіріседі. ШҚО ТЖД басшысы Өскеменде өңір басшысы Даниал Ахметовтың басшылығымен жедел штаб жұмыс істейтінін еске салды. Бүгінгі облыс әкімі өткізген кеңесте барысында облыс әкімі техника санын көбейцтіп, құтқару жұмыстарына адамдарды көбірек бөле отырып, жұмысты күшейтуді тапсырды.