ШҚО-да жолдар жабылды

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы екі автожолда қозғалыс шектелді , деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Қазавтожол» таратқан хабарламаға сәйкес, ауа райының нашарлап кетуіне байланысты Шығыс Қазақстан облысындағы «Алматы-Өскемен» жолының 778-967 км жолында, Аягөз қаласы-Қалбатау ауылы аймағында жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына тыйым салынды.

Қалбатау ауылы-Қасым Қайсенов ауылының бұрылысы аймағында, «Алматы-Өскемен» тасжолының 971-1068 километрінде барлық көлік түрінің қозғалысы тоқтатылды.

Ауа райының нашарлап кетуіне байланысты (боран, көріну нашарлау) «Үшарал-Достық» тасжолының 83-184 км, Көктұма ауылы-Достық ауылы маңында жүк көлігі мен қоғамдық көліктің жүруіне шектеу қойылды.


Соңғы жаңалықтар
Референдум