ШҚО-да «Жылдың үздік аудандық соты» байқауының қорытындылары шығарылды

ӨСКЕМЕН. 14 қаңтар. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстанда облыстық соттың оқыту орталығы «Жылдың үздік аудандық соты» байқауының қорытындыларын шығарды.
None
None

Байқау қорытындыларын шығару рәсімінде азаматтық, қылмыстық, әкімшілік істер бойынша үздік аудандық соттар, сондай-ақ жалпы юрисдикциядағы аудандық соттар аталды.

Сот істерінің үш санаты бойынша Семей қаласының соттары үздік деп танылды. Азаматтық істерде мамандандырылған аудандық соттардың арасында «2012 жылдың үздік аудандық соты» атағы Семей қалалық сотына берілді.

Семей қаласының № 2 сотына қылмыстық істер бойынша үздік аудандық сот атағы берілді. Қаланың мамандандырылған әкімшілік соты 2012 жылы істердің осы санатында үздік деп танылды.

Жалпы юрисдикциядағы аудандық соттар арасында «Жылдың үздік аудандық соты» атағы Риддер қалалық сотына берілді.

Барлық жеңімпаздарға Алғыс хаттар мен Грамоталар берілді.

Соңғы жаңалықтар