14:23, 09 Ақпан 2011 | GMT +5
ШҚО-да Зыряндағы кәсіпкердің өлімі ашылды
ӨСКЕМЕН. 9 ақпан. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - ШҚО полицейлері ағымағы жылдың 17 қаңтары күні өлтірілген 50 жастағы Зыряндағы кәсіпкер өлімін анықтады.
Полиция қылмыс жасаған бір топ адамдардың ізіне түскен. Ұсталғандардың біреуі кінәсін мойындап, жауап берген, ол қылмыс жасаған соң ізін суытып, қылмыс жасалған құралдарды жасырған тағы бір адамның бар екенін айтқан.
«Қазір біз қашып кеткен қылмыскерді іздеу үстіндеміз», - дейді ШҚО ІІД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Рашид Жақыпов. Ол сондай-ақ қылмыс қалай жасалды деген бірнеше болжам болғанын, бизнес саласындағы кәсіпкердің таныстары сұралғанын айтты.
Естеріңізге сала кетейік, оқ тиіп қаза тапқан кәсіпкердің денесі өз үйінен табылған болатын.