ШҚО-дағы Алтай ауданында көпір қирады

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында көпір қирап, жол уақытша жабылды. 

Көріп бұзылды
Фото: «Репортер» телеграм арнасынан

Алтай ауданындағы «Октябрь өткелі-Алтайка-Жаңа Хайрузовка» жолындағы көпірдің тіректерін жер асты сулары шайып кеткен. ШҚО Ақпарат орталығының мәліметіне сүйенсек, жол уақытша жабылды.

көпір бұзылды
Фото: «Репортер» телеграм арнасынан

«Ауданның Алтайка, Кремнюха ауылдары мен шаруа қожалықтары, Үлкен Нарын ауданының Алыбай, Приморск елді мекендері арасындағы көлік қатынасын қамтамасыз ету үшін республикалық маңызы бар «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Рахман қайнары» автомобиль жолын пайдалану ұсынылды», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта оқиғаның себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.

Көпірмен жүруге шектеу қойылып, жол белгілері орнатылды. Сондай-ақ уақытша айналма жол салу жұмыстары басталып кетті.

Соңғы жаңалықтар