ШҚО-дағы Бұқтырма су қоймасында сынған паром жөнделді

паром күршім бұқтырма
Фото: instagram.com/ayda_na_buhtarme

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданындағы Бұқтырма су қоймасында сынған паром қайта жөнделді.

Самар мен Күршім аудандарының арасын жалғайтын «Қызыл ту» паром өткелінде қатынайтын «Ертіс» паромы сәуір айында істен шығып қалған болатын.

Өткелде ұзын-сонар кезек қалыптаспас үшін оны Алтай ауданындағы «Одесса» паромы алмастырған еді.  

ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметіне сүйенсек, қазіргі уақытта сынған паром қайта жөнделді.

«Жөнделген „Ертіс“ паромы 7 мамыр сағат 16.00-ден кестеге сәйкес қатынай бастайды» делінген ақпаратта.

Еске салсақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Бұқтырмада Қазақстандағы ең ұзын көпірдің құрылысы жүріп жатыр.  

Соңғы жаңалықтар