ШҚО-дағы демалыс орнында 8 жастағы бала жоғалып кетті

АСТАНА. KAZINFORM — Полицейлер Сібе көлдерінде адасып кеткен баланы іздеп тапты, деп хабарлайды Polisia.kz.

 Полицейлер Сібе көлдерінде адасып кеткен баланы іздеп тапты
Фото: Polisia.kz

Шығыс Қазақстан облысында ШҚО ПД ЖҚАЖ қызметкерлері Сібе көлдері маңындағы демалыс базасында жоғалып кеткен 8 жастағы баланы іздеуге атсалысты. 

Анасының айтуынша, баласы серуендеу кезінде көзден таса болған.

— Ата-анасы оны бірнеше сағат бойы өз беттерінше іздеген, алайда нәтиже болмаған соң, жағалауды патрульдеп жүрген полицейлерден көмек сұраған. Іздестіру жұмыстарына оқиға орнында кезекшілік атқарып жүрген барлық қызметкер дереу жұмылдырылды. Көп ұзамай баланы аға лейтенант Ерсін Сұлтанов тапты. Бақытымызға орай, баланың жағдайы жақсы, полиция қызметкері оны ата-анасына тапсырды, — делінген хабарламада. 

Құқық қорғау органдары азаматтарды су айдындары маңында ерекше сақ болуға шақырады.

Бұдан бұрын ШҚО-да төрт күннен бері іздеуде жүрген жасөспірім табылғанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар