1 қазанда Қазақстанда өтетін маңызды оқиғалар аңдатпасы
АСТАНА. KAZINFORM – Kazinform агенттігі 1 қазан күні Қазақстанда өтетін маңызды оқиғалар аңдатпасын ұсынады.

АСТАНА
10:00 – ҚР Парламенті Сенатының Қаржы және бюджет комитеті 2026–2028 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттерді айқындау тәсілдері бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен кездесу өткізеді.
10:00 – ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысы өтеді.
10:00 – Digital Bridge 2025 форумы аясында Қазақстан Республикасы Президентінің төрағалығымен жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі сараптамалық кеңестің алғашқы отырысы өтеді.
Өтетін орны: EXPO Халықаралық көрме орталығы.
10:00 – Қазақстан Астық одағы AGRICOM 2025 халықаралық жыл сайынғы конференциясына қатысуға шақырады.
Өтетін орны: Hilton Astana қонақ үйі.
10:00 – AWS Innovation Day 2025 – Астанада өтетін бұлтты технологияларға арналған жетекші конференция.
Өтетін орны: АХҚО, Мәңгілік Ел даңғылы, 55/19.
11:00 – Astana Hub ұйымдастырған AI’preneurs атты флагманды акселерациялық бағдарламасының ашылуы өтеді.
11:00 – «Ашық үкімет» қағидаттары аясында Астана қаласы әкімдігіне қатысты ақпаратқа қол жеткізу мәселесіне байланысты «Құқықтық медиа орталығының» сотқа дейінгі тыңдалымы өтеді.
11:00 – «SANA» жобасының салтанатты ашылуы өтеді. Бұл – әйелдер экипажының қатысуымен ұзақ мерзімді оқшаулау бойынша еліміздегі алғашқы жоба.
Өтетін орны: Ұлттық ғарыш орталығы, Тұран даңғылы, 89.
14:30 – Astana Open Dialogue аналитикалық платформасының III отырысы өтеді. Тақырыбы: «Қазақстан e-gov-тен ai-gov-ке: серпіліс жасау жолдары».
Өтетін орны: The Ritz-Carlton Astana қонақ үйі.
14:30 – ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі өрт қаупі жоғары кезеңнің өтуі және «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасының жүзеге асырылуы бойынша баспасөз мәслихатын өткізеді.
15:00 – Астана қаласындағы Достық үйінде Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы ардагерлерін марапаттау рәсімі өтеді.
15:00 – Астана қаласының коммуникациялар қызметі QazaqGaz Aimaq мобильді қосымшасы мен «Әлеуметтік әмиян» цифрлық сервисі бойынша баспасөз мәслихатын өткізеді.
16:00 – Назарбаев Университетінде Jasaim Blockchain мен Astana Business Campus серіктестігі және NU Impact Foundation қолдауымен құрылған Blockchain & Fintech Lab зертханасының ашылу салтанаты өтеді.