ШҚО-дағы мектептерде онлайн оқып жатқан сынып қалмады
ӨСКЕМЕН. KAZINFORM - Шығыс Қазақстан облысындағы білім ордаларында барлық сыныптар оффлайн форматта оқып жатыр.
Өңір бойынша маусымдық тұмау мен жедел респираторлық вирустық инфекциялар бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталды.
Осыған байланысты облыстағы барлық білім беру ұйымдарында оқу процесі дәстүрлі форматқа көшкен. Бұл туралы ШҚО Білім басқармасының баспасөз қызметінен хабарлап отыр.
- Санитарлық-эпидемиологиялық ахуалдың жақсаруына байланысты барлық мектептерде сабақтар штаттық режимде өтіп жатыр. Қазіргі таңда білім беру процесі қолданыстағы санитарлық талаптар мен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтай отырып, өз жұмыстарын жалғастыруда, - делінген мәліметте.
Еске салсақ, ШҚО-да ұзаққа созылған талқылаулардан кейін мектеп асханаларының мәзірі бекітілгенін хабарлаған болатынбыз.