22:42, 27 Мамыр 2025 | GMT +5
ШҚО-дағы «Одесса» паромы жұмысын бастады
ӨСКЕМЕН. KAZINFORM — Шығыс Қазақстан облысындағы Васильевск өткеліндегі «Одесса» паромы өз жұмысын бастады.

Васильевск өткелі Самар мен Үлкен Нарын аудандарын жалғап тұр. Енді екі ортада «Одесса» паромы қатынайды.
— Үлкен Нарын ауданынан паром сағат 7.00, 9.00, 11.00, 13.00, 15.00, 17.00, 19.00, 21.00-де шығады. Ал Самар ауданынан сағат 8.00, 10.00, 12.00, 14.00, 16.00, 20.00, 22.00-де жүреді, — деп хабарлады облыс әкімдігінен.
Айта кетейік, «Одесса» паромы 450 тоннаға дейінгі жеңіл және жүк көліктерін тасымалдайды.
Еске салсақ, осыған дейін Өскеменде былтыр қараша айынан бері жартылай жабылған Понтон көпірі ашылғаны хабарланған болатын.