ШҚО-дағы тасжолдардың бірі үшінші күн қатарынан жабылды
ӨСКЕМЕН. KAZINFORM — Шығыс Қазақстан облысындағы тасжолдардың бірі қар көшкіні қаупіне байланысты үшінші күн қатарынан жабылды.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Катонқарағай ауданындағы жергілікті маңызы бар «Согорное-Барлық» тасжолының 1-25 шақырымында автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс жабылды. Бұл жол осымен үшінші күн қатарынан жабылып отыр.
— Аталған учаскеде қар көшкіні жүру қаупі жоғары. Сондықтан жол 24 ақпан сағат 08.00-ге дейін жабық болады. Көлік жүргізушілерінен өз бағыттарын алдын ала жоспарлап алуды сұраймыз, — деп хабарлады ведомство өкілдері.
Осы ретте, құтқарушылар өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильдік қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.
Еске салсақ, бұған дейін ШҚО-дағы тас жолдардың көбінде төлқұжат жоқтығы жайлы жазғанбыз.