ШҚО-дағы 13 жол учаскесін су басу қаупі бар

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы 13 жол учаскесін су басу қаупі бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Бұл туралы бүгін ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділов мәлім етті.

«Көктемгі су тасқыны кезеңінде облыс бойынша су басу қаупі бар 13 жол учаскесі анықталды. Бұл учаскелерінің басым бөлігі Катонқарағай ауданында орналасқан. Атап айтқанда, Үлкен Нарын-Күршім жолының учаскелері, Өскемен-Тарғын-Самар, Омбы-Майқапшағай, Шемонаиха-Секисовка, Васильевка-Бозанбай, Тарханка-Топиха,Алтай-Чапаев, Алтай-Ново-Хайрузов өткелдері. Аталған учаскелердің барлығы ерекше бақылауға алынды», - дейді ол.

Жолдардағы су өткізгіш құбырларды тазалау жұмыстары ақпан айының соңында басталып, 20 наурызға дейін аяқталады. Төтенше жағдай кезінде мамандармен және арнайы техникамен жасақталған жедел әрекет ету отряды жұмыс істейді.


Соңғы жаңалықтар