ШҚО-дағы Бақыршық және Большевик кен орындарын дамыту үшін «Полиметалл» ААҚ 500 миллион доллар инвестиция салады

Оның ақпаратына сүйенсек, «Қызыл» алтын-кен жобасының дамуына 500 млн. долларға жуық, нақтырақ айтқанда: 2015 жылы - 40 млн. доллар, 2016 жылы - 140-170 млн. доллар, 2017 жылы - 180-220 млн. доллар, 2018 жылы - 80-100 млн. доллар инвестиция салынады.
2015 жылы инвестициялардың негізгі бағыты жерді пайдалану келісімшарттарының талаптарына сәйкес геобарлау жұмыстары болмақ. Айта кетейік, кен орны - әлемдегі ең ірі өндіріс ошағының бірі. «Бірақ, мұндағы кенді қайта өңдеу күрделі, дәстүрлі технологиялармен алу қиын», - дейді Виталий Несис.
Кен орнындарында ортақ жұмыс жоспарланып отыр: алдымен 9-10 жылдың ішінде карьер, содан кейін жерасты жұмыстары жүргізілмек. Жұмыстардың басталуы жобаның капиталдық шығындарын айтарлықтай төмендетпек.
Кешенді жобалау, карьерлер, байыту фабрикасы мен құрамына кен шығару және оны қайта өңдеу бойынша өнеркәсіп кәсіпорны кіретін барлық көмекші нысандар үшін Өскеменде «Полиметалл Инжиниринг» АҚ-ның филиалын ашты.
«Полиметалл» «Қызыл» жобасын 2014 жылдың қыркүйек айында сатып алған. Кен орындарының қоры 6.7 млн. унция алтынды құрайды.