ШҚО-дағы Бұқтырма су қоймасына 24 жастағы жігіт батып кетті

«Қайғылы оқиға Катонқарағай ауданының Приморск ауылында болды. Қайтыс болған азамат Белқарағайдың тұрғыны, бұл жерге туыстарымен демалуға келген. Жергілікті тұрғындардың мұнда суға шомылуға келуі қалыпты жағдай», - дейді жергілікті құтқару қызметінің қызметкерлері.
Жігіт алысқа жүзіп кеткен. Біраз уақыт өткеннен кейін алаңдай бастаған туысқандары құтқарушылардың көмегіне жүгінген. Алайда, жігіттің денесін жергілікті балықшылар тауып алып, жағаға шығарған.
Шомылу маусымы басталғалы бері облыста 21 адам суға батып кеткен. Олардың 76%-ы суға түсуге арналмаған жерлерге түскен.
Шығыс Қазақстан облысында суға шомылуға жарамды 2 мыңнан астам су қоймасы бар. Олар тұрғындары аз елдімекендерде немесе соған жақын маңдарда орналасқан. Бұл орындарға тұрғындар суға түсуге көп келді, алайда ол жерлер суға шомылуға жабдықталмаған, сол себепті бұл орындар қайғылы жағдайлардың орын алуына әкеп соқтырады.