ШҚО-дағы өрт салдарынан 52 адам қауіпсіз жерге шығарылды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Кеше кешке Семейде және Өскеменде екі тоғыз қабатты үйдің тұрғындары өрт сөндірушілер отпен арпалысқанша далада тұруға мәжбүр болды. Құтқарушылар екі үйден жалпы алғанда 52 адамды, оның ішінде8 баланы қауіпсіз жерге шығарды, деп хабарлады ШҚО ТЖД.
None
None

Семейде кіреберістердің бірінің қосалқы үй-жайында тұрмыстық техника мен жеке заттар отқа оранды. Жалын 2 шаршы метр аумақты шарпыды, алайда 3-ші қабатта құбырда қоқыс өртенді. Жоғары температура салдарынан қоқыс құбырының бөліктері жарым-жартылай қирады. Оқиға орнында 3 арнайы техника, оның бірі - автосаты жұмыс істеді. Өрт сөндірушілер 20 адамды қауіпсіз жерге шығарды. Оның 5-уі бала. Қазір отты абайсыз пайдалану нұсқасы қарастырылып жатыр.

Өскеменде тоғыз қабатты үйдің кіреберістерінің бірінде электр сымдарының тұйықталуы 1-ші қабаттан 9-шы қабатқа дейінгі кабельдің оқшаулағышының отқа орануына түрткі болды. Жалын 10 шаршы метр аумақты шарпыды. Өрт сөндірушілер 32 адамды қауіпсіз жерге шығарды. Оның 3-уі бала. Отты ауыздықтауға 7 техника тартылды, оның ішінде автосаты бар.

Электр жабдықтарын жинақтағанда және пайдаланғанда өрт қауіпсіздігі техникасының сақталмауы және жұмыстың апаттық режимі нұсқалары қарастырылып жатыр.

Екі жағдайда да ешкім зардап шеккен жоқ, медициналық көмек те қажет болмады.

Соңғы жаңалықтар