ШҚО-дағы өртті сөндіру үшін Көкшетаудан МИ-26Т алып тікұшағы ұшып шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысына бүгін сағат 07:45-те Көкшетаудан өрт сөндіру үшін ең үлкен тікұшақ ұшып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.
None
None

Комитет таратқан ақпараттарға қарағанда, су таситын құрылғысы бар МИ-26Т Шығыс Қазақстан облысының Бесқарайғай ауданындағы орман өртін сөндіруге жұмылдырылмақ.

Тікұшақ бір дегенде 10 тонна су шаша алады. Оның үстіне ұшақта Көкшетау гарнизонының жеке құрамының 30 өкілі бар. Олар да өрт сөндіру жұмыстарына атсалысатын болады.

Осыған дейін Шығыс Қазақстан облысының Бесқарағай ауданы аумағындағы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында қарағайлар өртеніп жатқандығын хабарлаған блатынбыз.


Соңғы жаңалықтар