11:21, 02 Наурыз 2022 | GMT +5
ШҚО-дағы «Өскемен-Тарғын-Самар» тасжолы жабылады
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жасанды жолмен қар көшкіні түсірілетіндіктен «Өскемен-Тарғын-Самар» тасжолы жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгін өңірдегі тасжолдардың бірінде профилактикалық көшкін түсіру жұмыстары жүргізіледі.
«Сағат 11.00-ден бастап облыстық маңызы бар «Өскемен-Тарғын-Самар» тасжолының 95-102 шақырымында көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа тыйым салынады», - делінген ақпаратта.
Осы ретте, құтқарушылар өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.