ШҚО-дан Новосібірге мырыш пен мыс артылған алғашқы пойыз жөнелтілді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Кеше кешкісін Ново-Өскемен стансысынан бірегей пойыз жолға шықты: оның құрамында мырыш пен қорғасын тиелген 114 контейнер бар, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Қазмырыш» компаниясының ақпараты бойынша, бағалы жүк Новосібір портына бет алды. Ол жерден ары қарай Түркия, Испания, Италия және басқа да алыс шетелдегі сатып алушыларға жөнелтіледі.

«Географиялық тұрғыдан ірі көлік тораптарынан қашық орналасқан қазақстандық өндірушілерге өнім жеткізу - өзекті мәселе. «Қазмырыш» компаниясы соңғы екі жылда жүкті тасымалдау үшін контейнерлерді қолдануда. Жабық вагондармен жүк жеткізу ісі өзектілігін жоғалтып жатыр. Бұдан бөлек, арнаулы жүкті біртұтас контейнерлік пойызбен  жіберу - жүкті Ресей портына 7 күннің ішінде (бір тәуліктің ішінде 1 200 шақырым қашықтықты жүріп өтеді) жеткізуге мүмкіндік береді. Салыстырмалы түрде, қарапайым жүк құрамының орташа жылдамдығы тәулігіне 220 шақырымды құрайды», - деп пікір білдірді компанияның көлік және лицензиялау басқармасының басшысы  Эльмира Қабанбаева.  

Соңғы жаңалықтар
telegram