ШҚО экологтері полигондағы өртке қатысты Алтай қаласы әкімдігіне тексеру жүргізді
ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысының экологтары Алтай қаласы әкімдігіне қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді.

Қыркүйек айының басында тұрғындар ШҚО Экология департаментіне қала маңындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының бірнеше күн бойы жанып жатқанына арызданған болатын.
Экологтардың тексеруі барысында белгілі болғандай, Алтай қаласы әкімінің аппараты қалдықтарды басқару және өрттің алдын алу мен барынша азайту шараларын орындау барысында экологиялық заңнама талаптарын бұзған.
- Сондай-ақ әкімдік өрт шыққаны туралы департаментке дер кезінде хабарламаған. Осыған байланысты мемлекеттік органға қатысты қолданыстағы заңнама аясында тиісті шаралар қабылданды, - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.
Айта кетейік, осыған дейін Алатау қоқыс полигонындағы өрттің толықтай сөндірілгені туралы хабарлаған болатынбыз.