ШҚО Экономика басқармасының басшысы болып Нұрсұлтан Маратов тағайындалды

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы болып Нұрсұлтан Маратов тағайындалды.

Нурсултан Маратов
Фото: ШҚО әкімдігі

Нұрсұлтан Маратов Ақтөбе облысы Темір қаласында дүниеге келген. Ұлыбританиядағы Манчестер университетінде, Нидерландыдағы Лейден университетінде, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі жанындағы Қаржы академиясында және Ресей Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық академиясында білім алған.

Еңбек жолын ҚР Инвестициялар комитетінде сарапшы болып бастады. Кейін Ресей Федерациясындағы Қазақстан елшілігінде атташе және үшінші хатшы лауазымдарын атқарған.

2023 жылы елге оралып, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі қызметіне кірісті. Ал 2024 жылдың қыркүйегінен бастап осы уақытқа дейін Өскемен қаласы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді.

Жаңа қызметінде ол Шығыс Қазақстан экономикасын алдағы жылдары айқындайтын басым жобаларды іске асыру, инвестициялық ахуалды жақсарту және бюджетті жоспарлау мәселелерін қадағаламақ.

Еске салсақ, осыған дейін ШҚО-да туризм басқармасына жаңа басшы тағайындалғаны хабарланған.

 

Соңғы жаңалықтар