ШҚО экономикасындағы тау-кен өндіруші сектордың өңдеу саласындағы өндірістің төмендеу салдары жойылмақшы

ӨСКЕМЕН. Мамырдың 18-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ – Ағымдағы жылдың 4 айы ішіндегі ШҚО экономикалық дамуы қорытындыларының деректері аймақтағы өндірістік секторда әлемдік экономикалық дағдарыстың теріс салдарлары сақталып отырғанын көрсетті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Жалпыаймақтық өнімнің жалпы арақатынасында басымдық тау-кен өндіруші секторы жағына ойысып отыр (өндірістің өсуі 20 пайыз), ал өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс 12 пайызға төмендеген. Сонымен қатар, өнеркәсіптің өңдеу құрылымының өзінде айтарлықтай өзгерістер болды. Автомобиль, силикат және шлак кірпіші, цемент өнеркәсіптерінде және т.б. айтарлықтай төмендеу орын алды. Тазартылған күмісті өңдеуде де өнім шығару көлемі төмендеген.Ал өңдеудің екі секторында ? тауарлық бетонды алу және тазартылған алтын алуда өндіріс қарқын ала түскен. Олар тиісінше 41 және 31 пайыздарға өскен.
Соңғы жаңалықтар