ШҚО-ға басқа қаладан есірткі тасымалдап келген адам ұсталды

ӨСКЕМЕН.KAZINFORM - Шығыс Қазақстан облысында полицейлер 20 келіден астам есірткіні тәркіленді.

Шығыс Қазақстан облысында полицейлер 20 келіден астам есірткіні тәркіленді.
Фото: ШҚО ПД

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «Қарасора» жедел алдын алу шарасы аясында полицейлер есірткі жеткізу арнасын анықтады.

- Соның барысында өңірдің 34 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол ірі көлемдегі есірткіні басқа қаладан жеткізгені белгілі болды, - делінген ақпаратта.

Оның үйін тінту кезінде жалпы салмағы 20 келіден асатын марихуана тәркіленді. Анықталғандай, «тауар» әрі қарай байланыссыз жолмен сатуға арналған.

- Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, - делінген хабарламада.

Еске салсақ, осыған дейін Маңғыстауда есірткі тасымалының жолы кесілгені хабарланған.

Соңғы жаңалықтар