ШҚО-ға инфрақұрылымды жаңартуға инвестиция құяды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменде және Семейде 60-тан астам инвестициялық жобаларды іске асыруды ұсынады. Бұл туралы бүгін облыстық әкімдікте отырыста хабарлады.
None
None

 ШҚО кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, құрылыс, білім беру, денсаулық сақтау саласы  өз инвесторларын күтуде. Өскемен мен Семейде әзірленген жобалардың басым бөлігін Еуропалық  қайта құру және даму банкімен ынтымақтастық аясында іске асыруды жоспарлауда.

Өскемен әкімінің міндетін атқарушы Арман Ысқақовтың ақпаратына сәйкес облыс орталығының басым бағыттарының арасында жылу-, сумен жабдықтау, су бөлу жүйелерін жаңғырту, көше жарығын ауыстыру,  Жеңіс даңғылы мен Қазақстан көшелерінің қиылысындағы көлік жол айырығын жөндеу, сондай-ақ  Ертіс арқылы көпір құрылысын салу мәселелері айқындалды. Қазір құжаттар әзірленуде.

Қала билігі ЕҚДБ-мен ынымақтастық аясында қоғамдық көліктің жылжымалы құрамын жаңартуды, өздігімен ағатын канализациялық коллекторды жөндеуді жоспарлауда. Қытай компаниясы облыс орталығында алты балабақша салмақ. Мектепке дейінгі мекеме мен көп бейінді аурухана салуға тағы алты жоба   осы жылы төртінші тоқсанда жарияланатын  концессионер таңдауға байқауларды  күтіп отыр.

Семейде жылу-, сумен жабдықтау, су бөлу жүйелерін жаңғыртуға ЕҚДБ-мен кредиттік шарт жасалды. Энергия үнемдейтін жарыққа ауыстыру жобасын іске асыруға келісімге қол қойылды. Осы қаржы институты желісі бойынша тағы 19 жоба мәлімделді, олармен жұмыс қаланың коммуналдық шаруашылығын жақсартуға мүмкіндік берді. Өңір басшысы мәжілісте банкпен ынтымақтастықта тиісті ведомстволардың жақсы жұмысын атап өтті, қала әкімдерінің орынбасарлары да осы қызметке бесене қосылу қажеттігін айтты.

Соңғы жаңалықтар