13:25, 29 Наурыз 2015 | GMT +5
ШҚО-ға қыс қайта оралды
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстанға қыс қайта оралды. Өткен күні күндіз және түнде жаңбыр қарға ұласты. «Қазгидромет» 29 наурызда да жауын-шашын, дауыл, көктайғақ болып, жел 20 м/сек дейін күшейеді деп отыр.

Ауа райының құбылмалы болуы облыстың таулы аймақтарында қар көшкіні болу қаупі бар деп ескертеді синоптиктер.