ШҚО халқы Ассамблеясының XVII сессиясына қатысушылар үндеу қабылдады
Үндеу мәтінінде осы жылдар ішінде демократияландыру бағытындағы қоғамдық түсінік түбегейлі өзгергені ерекше аталып өтіледі. Барлық ұлт өкілдері үшін дәстүрін, мәдениеті мен тілін сақтап қалу үшін барша жағдай жасалған.
Біз, Шығыс Қазақстан облысы халқы Ассамблеясының 17-ші сесиясына қатысушылар, соңғы кездері орын алған экстремистік қайғылы оқиғаларды қатты сынға аламыз. Біз ел азаматтарының барлығын бірігуге, абай болуға, кез келген күдікті жағдай мен фактілергеқарсы шұғыл түрде іс-қимыл етуге шақырған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты толықтай қолдаймыз. Діни экстремизм мен лаңкестікке қарсы күреске әрқайсымыздың күш салуымыз керек! 2012 жыл маңызды қоғамдық саяси-оқиға - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің сайлауынан басталғалы отыр. Барлық азаматтарды сайлауға қатысуға шақырамыз! Бейбітшілік пен келісімде өмір сүру дегеніміз - гүлденуде өмір сүру», - делінген Қазақстан халқы Ассамблеясының шығысқазақстандық өкілдері қабылдаған үндеуде.